×

«Жігіттер демалып жатыр»: Қабатов Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожаның изолятордағы өмірі туралы айтты

Сотта куәгерлер Қабатовтың рейсте мас болғанын және балағат сөз айтқанын растаған

«Жігіттер демалып жатыр»: Қабатов Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожаның изолятордағы өмірі туралы айтты
Коллаж: Qaz365.kz

Жақында отандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ұшақта шу шығарғаны үшін 5 күнге қамалған еді. Жазасын өтеген соң, актер орысша сосын қазақ тілінде де кеш өткізді. Ол кеш барысында өзінен кейін изоляторға тоғытылған өнер жұлдыздары туралы әзілдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске салсақ, 5 шілде күні әнші Қайрат Нұртас та ұшақта төбелес шығарғаны үшін 15 күнге қамалды. Ол Шымкенттегі изоляторда отыр. Ал ертеңінде тағы бір эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында ұсталды. Әлқожа Қапшағайда полиция көлікті тоқтатқанда тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, құқық бұзушыны тіркеуге кедергі келтірген. Рөлде жиені отырған. Оның жүргізуші куәлігі болмаған. Сөйті 10 күнге қамауға алынды.

«Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. "Бір демалу керек еді" деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп, демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау, 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негзі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдап жатыр. Жігіттер демалып жатыр», – дейді Тұрсынбек Қабатов. 

Айта кетейік, бұған дейін 28 маусымда таңертең мас күйінде Алматы – Астана рейсінде балағат сөз айтқаны үшін Тұрсынбек Қабатов қамауға алынған еді. Сотта Қабатов бортсеріктердің жұмысына көңілі толмағанын, осыған байланысты сөз айттым деген. Бірақ ол ұшақта балағат сөз айтқан-айтпағанын білмейді, дегенмен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.

Сотта куәгерлер Қабатовтың рейсте мас болғанын және балағат сөз айтқанын растаған.

Сондай-ақ 5 шілде күні әнші Қайрат Нұртас та ұшақта төбелес шығарғаны үшін 15 күнге қамалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әбдіжапппар Әлқожа бостандыққа шықты
Кеше, 16:58

Әбдіжапппар Әлқожа бостандыққа шықты

Әнші желіде жазба жариялады
Ақпаратты ұйымдастырушылар растады
Ол 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын
Ол Барселонаға Түркияның Стамбұл қаласы арқылы ұшты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →