×

Имам әнші Абай Бегейдің кәмелет жасқа толмаған қызының некесін қимаған – ҚМДБ

Діни некеге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі керек

Имам әнші Абай Бегейдің кәмелет жасқа толмаған қызының некесін қимаған – ҚМДБ
Фото: Instagram/abai_begei

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің кәмелетке толмаған қыздың некесіне қатысты тараған ақпараттарға түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпаратты басқарманың ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы таратты. Ақтау қаласында кәмелет жасқа толмаған қыздың некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі төмендегіні мәлімдейді:

«Неке қию рәсімі мешітте болмағаны анықталды. Мешіт имамдары кәмелет жасқа толмаған қыздың некесін қимаған. Мешітке келіп, құлшылық үйін аралауға, ауласында суретке түсуге шектеу қойылмайды. Жастардың мешітке келіп, естелікке суретке түскені белгілі болды», – дейді ол.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған «Мешіт имамдарының неке қию тәртібі» құжатына сәйкес отбасы құрғысы келетін азаматтар әуелі АХАТ бөлімі арқылы заңды некеге отыруы тиіс. Нике қию рәсіміне болашақ ерлі-зайыптылардың ата-анасы немесе олардың заңды өкілдері қатысуы міндетті. Діни некеге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі керек. Олай болмаған жағдайда мешітте діни неке қиылмайды.  

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Абай Бегейдің тоғызыншы сынып бітірген қызы күйеуге тигені жайлы ақпарат тараған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түрмеден шыққан атышулы Әбділдәға бір күнде 150 мың оқырман жазылды
Кеше, 10:55

Түрмеден шыққан атышулы Әбділдәға бір күнде 150 мың оқырман жазылды

Мұрат Әбділдә жақында ғана бостандыққа шыққан еді
Мұрат Әбілдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеген
Желі қолданушылары Қыз Жібек пен Бекежанға тәнті болып, өз ойларын жазған
Dequine бұл жағдай өмірдегі ең маңызды құндылықтарына соққы болғанын ашып айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →