×

"Кімге сенерімді білмеймін ": белгілі әнші мандатынан айырылған әкесіне қатысты пікір білдірді

Dequine бұл жағдай өмірдегі ең маңызды құндылықтарына соққы болғанын ашып айтты

"Кімге сенерімді білмеймін ": белгілі әнші мандатынан айырылған әкесіне қатысты пікір білдірді
Фото: Instagram/dequiine, Instagram/mazhilis.kz

Қазақстандық әнші Dequine мандатынан айырылып, "Ақ жол" партиясынан шығарылған әкесі, экс-депутат Асқар Садықов жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әнші "харасcмент жасады" деген айыппен депутаттық мандатынан айырылған әкесі туралы пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Соңғы уақытта түрлі жаңалықтар шығып жатыр. Өздеріңіз де жағдайдың қалай болып жатқанын көріп отырсыздар. Менің әкем Асқар Садықовқа жұмыс орнында харрасмент жасады деген айып тақты

Дәл сіздер сияқты мен де таңғалып отырмын. Кімге сенерімді, бұл жағдайға қалай жауап берерімді білмеймін. Өмір мені мұндайға дайындамап еді. Күллі ел алдында харасcмент оқиғасын бастан кешірген адам үшін бұл жағдай – нағыз күйзеліс", - деді өнер иесі.

Dequine бұл жағдай өмірдегі ең маңызды құндылықтарына соққы болғанын ашып айтты.

"Бұл жағдай менің өмірімдегі ең маңызды құндылыққа: отбасым мен әйел құқығына қолсұғылмаушылыққа соққы болды. Бірнеше жыл бұрын мен харасcмент пен зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы шыққан едім. Мен әлі де сол ұстанымыма берікпін, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымын.

Мұндай қиын кезеңде мені қолдап жатқан жандарға рақмет. Алғысым шексіз", - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →