×

«Қателік кеткен»: Qazaqstan ұлттық арнасы Ақбота Керімбековаға жауап берді

Бағдарлама қатысушылары мен олардың репертуарын корпорацияның Көркемдік кеңесі іріктеп, бекітеді

«Қателік кеткен»: Qazaqstan ұлттық арнасы Ақбота Керімбековаға жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Qazaqstan ұлттық арнасы белгілі әнші Ақбота Керімбекованың «Жұлдызды жұп» жобасына қатысты базынасына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Qazaqstan» телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларының бірі «Жұлдызды жұп» бағдарламасының түсірілімі қарсаңында қатысушылар орналасатын қонақүй нөмірін алдын ала рәсімдеуде қателік кеткен. Нақтырақ айтқанда, әнші Ақбота Керімбекова келіп түскен қонақүйде оған арналған нөмір бос болмай шыққан. Ұйымдастырушылар тарапынан мәселе шешімі ретінде бірден өзге бірнеше қонақүйден нөмір таңдау ұсынылды, бірақ әнші одан бас тартты», – делінген ұлттық арнаның жауабында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама қатысушылары мен олардың репертуарын корпорацияның Көркемдік кеңесі іріктеп, бекітеді. Динара Адам продакшн компанияда жоба кеңесшісі міндетін атқарады. Одан бөлек, бұл жобада 195 маман қызмет етеді. Бағдарлама продюсері арнаның бұған дейінгі «Егіз лебіз», «Дара бала» сияқты жобаларына жетекшілік еткен тәжірибелі маман Сандуғаш Рахымжанова. 

 «Qazaqstan» телеарнасы мен арна көрермендері А.Керімбекова мен әншінің ұлы Біржан Шалқарды жобадан әрі қарай да көргісі келеді», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет тойындағы суреттерін көрсетті
Бүгін, 11:21

Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет тойындағы суреттерін көрсетті

Өнер иесі оқырмандарының өтінішін орындаған. 
Сәби 13 қазан күні дүниеге келген.
Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас ән шырқады. 
Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →