×

Танымал әнші Adam-ның некесіз баласы бар болып шықты

Бұл туралы көпшілікке телебағдарламада белгілі болды

Танымал әнші Adam-ның некесіз баласы бар болып шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Әлемге әнімен танылған әнші Adam-ның жеке өмірі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына арқау болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Студияға Дүниезада Абдуллаева деген әйел келіп, әншіден некесіз баласы барын мәлімдеген. Қазіргі таңда бала 1 жастан асқан. Есімі Тамерлан.
Дүниезаданың айтуынша, баласы Тамерлан көшеде ілінген жарнамалық плакаттардан басқа өнер иелері арасынан әкесін танып, «папа» деп айқайлайды екен.

Баланың болашағына алаңдайтын Дүниезаданың әпкесі Астанада соңы ұрысқа жалғасқан кездесу туралы айтып берді.

«Ол Дүниезадаға үміт берді. Үйленеміз деді. Оны айыптап, сен анандайсың-мынандайсың деп жаман сөздер айтты. Содан Дүниезада жылап шығып кетті. Егер алимент талап етсек, баланы тартып аламын деді. Заң бәріне ортақ, қалағанын істесін. Баланың анасына да, әкесіне де заң қолданылады», – деді ол.

Бағдарламаға келген Дүниезада әнші Адамның заң жүзінде көмектескенін және ұлымен араласқанын қалайды.

«Оның нағыз әке болғанын қалаймын. Екеуміз бірдей жауапкершілік көтеруіміз керек. Бәрін заң жүзінде болғанын қалаймын. Осы жағдайдан соң ол менімен де, баласымен де араласпайтынын түсінемін. Ол көмектессе деймін. Оның ұлымен араласқанын қалаймын. Бірақ ол олай жасағысы келмейді», – дейді Дүниезада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →