×

Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлының сүйіктісі әсерлі жазба жариялады

Ол марқұм жігітімен бірге түскен фотоларын көрсетіп, естеліктерін бөлісті

Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлының сүйіктісі әсерлі жазба жариялады
Сурет: instagram/ aruna_askhatkyzy

Әлеуметтік желіде Аруна есімді бойжеткен марқұм композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың сүйіктісі екенін айтып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ол марқұм жігітімен бірге түскен фотоларын көрсетіп, естеліктерін бөлісті. 

«Сенен айырылу – төзгісіз жағдай. Сен жай ғана жақын адам емессің. Менің жанымның бір бөлшегісің және ажырамас бөлігіне айналдың. Жүрегім ауырып тұр. Менің қасымда енді болмайтыныңа сенгім келмейді. Фотоларды қарап отырмын. Әрқайсысы біздің ең қуанышты және жарқын сәттерімізде түсірілген. Ішімде бір уақытта жылылулық та, ауырлық та сеземін. Бұл естеліктер мен үшін ең қымбат болып қалмақ. Шынайы қолдау сөздерің мәңгі жадымда. Өмірімді мән мен бақытқа толтырдың. Сені өмірімді бақытты еткен адам ретінде мәңгі есте сақтаймын. Менің жүрегімде өшпес із қалдырдың. Сол махаббат мәңгі өмір сүреді.  Өміріме әкелген барлық жақсылықты сақтауға уәде беремін. Жаның жәннәтта болсын, Абылайым», – деп жазды бойжеткен.

Еске сала кетейік, осыған дейін Арман Дүйсеновтың ұлы Абылай Дүйсеновтың қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«10 келі тастасаң, қыздай боласың»: Назарбаевтың құдасы Мақпал Жүнісоваға кеңес берді
10.03.2026ж. 15:19

«10 келі тастасаң, қыздай боласың»: Назарбаевтың құдасы Мақпал Жүнісоваға кеңес берді

Алматыдағы Мақпал Жүнісованың концертіне келіп сөз сөйлеген Асқар Құлыбаев елдің наразылығын туғызды
Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын мәлімдеді
Танымал әртіс Дариға Бадықова Нұрсейіт Жылқышыбайдың YouTube-арнасындағы сұхбатқа байланысты сотқа жүгінген еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →