×

Әкесі сотталып кеткенін балаларыма ашық айттым – блогер Мейіржан Төребаевтың әйелі

Хейт көп болды, видеолар көп салынды

Әкесі сотталып кеткенін балаларыма ашық айттым – блогер Мейіржан Төребаевтың әйелі
Ашық дереккөзден

Блогер Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева сұхбатында балаларына әкесінің сотталып кеткенін ашық айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Cіздерде бес бала бар. Сіз балаларға әкесі қайда кетіп қалғанын қалай түсіндірдіңіздер?» деп сұрады журналист.

«Қалай бар, солай айттым. Балаларым қазір 4-14 жас аралығында. Мен оларға түсіндірем. Сол үшін де анамын. Мен оларға қазірден бастап түсіндіріп, олармен көбірек әңгімелесуім керек. Ешкімді алдаған жоқпыз. Қандай да бір іссапарға кетті деп өтірік айтпадық. Біріншіден, оның сотталғаны туралы бүкіл жерде айтылды ғой. Балалар да Тик-токта отырады. Тиктокта әдейі сол бағытта науқан жүріп жатқан. Хейт көп болды, видеолар көп салынды. Сол себепті балалар бәрібір сол видеоларды көретін еді», - дейді ол.

Еске сала кетейік, былтыр Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасы бойынша айыпталушыларға сот үкімі шығып, блогер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға сотталып кеткен еді. Судьяның үкімімен тағы бірнеше адам іс бойынша әртүрлі мерзімде жаза алған. Тергеу сол кезде 2019 жылы бастапқыда Astex қаржылық пирамидасы құрылды. Оны Алмас Құрманғалиев өзінің туысы Мансұровтың көмегімен баю мақсатында құрғанын хабарлаған еді. Прокурордың айтуынша, қаржы пирамидасын құрушылар тұрғындар арасында сенімділік орнату мақсатында бұл іске танымал адамдарды тарту туралы шешім қабылдаған. Мейіржан Төребаев компания құрамында жарнама жасау, үгіт-насихат жұмыстарымен айналысқан. Сондай-ақ Мейіржан Төребаев Mudarabah Capital құрылтайшысы қатарында болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →