×

Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына Астанадан пәтер және көлік сыйлады

Жолшыбеков қызының анасына су жаңа JAC маркалы көлігін және Астананың сол жағалауынан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті

Блогер  Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына Астанадан пәтер және көлік сыйлады
Фото: видеодан кадр

Көктемде танымал блогер Дархан Жолшыбековтың Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында тұратын некесіз туған бес жастағы қызы бар екені анықталған. Араға жарты жыл салып, блогер қызымен кездесті. деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желіде тараған видеоға сүйенсек, Жолшыбеков қызының анасына су жаңа JAC маркалы көлігін және Астананың сол жағалауынан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Қызына өзінің тегін берді. Енді бес жастағы қыз құжат Айша Жолшыбек деп жазылатын болды.

Желі қолданушылары қыз бен әкенің кездесуіне блогердің қазіргі әйелі Дариғаның ықпалы жоғары болғанын айтып жатыр.

«Дарханның әйелі Даридың ақылымен шешілген деп ойлаймын. Даридың адамгершілігі жоғары»,  «Әйеліне байланысты», «Бұл жерде Дариғаға ескерткіш қою керек», -деген пікірлер бар.

Айта кетейік, биыл көктемде «Көреміз» бағдарламасының бір шығарылымы осы тақырыпқа арналған еді. Онда Сәтбаев қаласының тұрғыны Айдана Сапарбекова 5 жыл бұрын кәсіпкермен көңіл жарастырғанын, қазір бес жастағы қызы бар екенін айтты.
Бірақ миллионер блогер 8 айдан бері тұңғышына тек 15 365 теңге көлемінде алимент төлейтіні белгілі болған.

Қаршадай қызға қазір дәрігерлердің көмегі қажет екені де айтылған еді. Ақыл-есі дұрыс. Тек сөзге толығымен жауап бермейді. Сұраққа сұрақ қояды. Бұл дегеніміз – эхолалия диагнозы бар деген сөз. Яғни не сөйлеп жатқаныңызды толығымен түсінбейді. Оған сөздер жаңғырық болып естіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →