×

Түркістан облысында сібір жарасының алдын алу үшін үй жануарларына 6,6 миллион дана екпе егіледі

Сібір жарасы дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталады

Түркістан облысында сібір жарасының алдын алу үшін үй жануарларына 6,6 миллион дана екпе егіледі

Соңғы жылдары елімізде адамдар арасында Сібір жарасы ауруы тіркелуде. 2024 жыл басынан бүгінгі күнге дейін аталған сырқат бойынша күдікті 35 жағдай тіркеліп, 14-нің диагноздары расталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесовтың сөзінше Сібір жарасы – қауіпті әрі жұқпалы ауру. Адамға жануарлардан адамға жұғады, ал адамнан адамға жұқпайды. Жара - жануарлардан, мал сойғанда, малға күтім жасағанда, ауру малдың етін қолданғанда жұғады.

«Өздерінізге белгілі Түркістан облысындағы халқтың 70 пайыздан астамы ауылды жерлерде тұрады. Оның ішінде ауыл округтері тұрғындарының басым көпшілігі ауыл шаруашылық малдарын күтіп-қараумен айналысады.

Адам ауруды жануарлардан, мал сойғанда, малға күтім жасағанда, ауру малдың етін қолданғанда жұқтырады. Сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы – жыл сайынғы тиісті контингенттерге  ауруға қарсы профилактикалық егу жүргізу. Ауруға қарсы вакцинациямен мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндер, ветеринарлық қызметкерлер, зоотехниктер, ет комбинаттарында істейтіндер,  қолайсыз аймақтарда  үй жануарларын өсірумен,  тері-жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, өткізумен айналысатын адамдар егіледі», – дейді маман.

Айта кетсек, Сібір жарасы дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталады. Сібір жарасы терілік, өте сирек  ішектік, өкпелік  және сепсистік формада өтуі мүмкін. Ауру көбінесі теріні зақымдап, сирек түрде ішкі мүшелерді де зақымдауы мүмкін. Қоздырғыш енген жерде алдыменен диаметрі 1-2 см, қызыл-көкшіл түсті, ауырмайтын дақ пайда болады. Жараның айналасы қызарып, ісіп тұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →