×

Сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы – жыл сайын ауруға қарсы екпе алу – маман кеңесі

Осы аурудың жұқтырушы көзі ретінде үй жануарларды да бақылауда ұстау қажет

Сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы – жыл сайын ауруға қарсы екпе алу – маман кеңесі

Түркістан облысында сібір жарасының алдын алу үшін үй жануарларына екпе егу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысындағы ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Мұхтарұлы аймақтағы Сібір жарасының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан екпе жұмыстары туралы мәлімдеді.

«Биылғы жылы ауыл шаруашылығы жануарларына Сібір жарасы ауруына қарсы 6,6 миллион дана екпе салу жоспарланған. Қазіргі таңда 9 ай қорытындысымен 5 498 000 екпе егілді. Сібір жарасының көмінділері бойынша 1948-2023 жылдары аралығында 394 қолайсыз ошақ тіркеліп, оның 326-сы анықталған. Жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 50 метрлік радиуста 310 ошақ арнайы ертінділермен залалсыздандырылды. Аурудың бастапқы кезеңіндегі айтылған белгілер байқалған жағдайда науқас немесе оның жақындары оны міндетті түрде ауруханаға жеткізіліп медициналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен жазылып кетуге болады», – деп баяндады маман.

Сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы – жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Ауруға қарсы вакцинаны егу үй жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері-жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі. Адам ағзасында Сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады. Егілген тұлғалар жұмысқа 2 аптадан соң ғана жіберіледі және жыл сайын екпе алып отырулары қажет. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлығын қамтуға тырысқан жөн.

Сонымен қатар осы аурудың жұқтырушы көзі ретінде үй жануарларды да бақылауда ұстау қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →