×

Түркістандық дәрігерлер Оксфордқа барды

Маңызды шараға Түркістан облысының білікті дәрігерлері барды

Түркістандық дәрігерлер Оксфордқа барды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістандық дәрігерлер Ұлыбританияның Оксфорд қаласындағы халықаралық жиынға қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ұлыбританияның Оксфорд қаласындағы, Оксфорд университетінде Орталық Азия елдеріне арналған бірінші IBC симпозиумы өтті. Бұл симпозиум Ұлыбританияның Оксфорд университетінің IBC директоры, профессор Харис Кхвадж, Қазақстан бариатриялық және метаболикалық хирургия қоғамының президенті, профессор Орал Оспанов төрағалығымен ұйымдастырылды.

Халықаралық жиынға Орталық Азия елдерінен бөлек, Түркия, Иран және Грузия елдерінің өкілдері қатысты. Маңызды шараға Түркістан облысының білікті дәрігерлері барды. Нақтырақ айтқанда, Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері медицина ғылымдарының кандидаты Ж. Ділдәбеков, асқазан ішек және эндокриндік органдар бөлім меңгерушісі А. Нұрашев, хирург дәрігері Қ.Сұлтанов, Астана қаласынан «Профессор Орал Оспановтың хирургия орталығы» хирург дәрігері Г. Дүйсенов қатысып, тәжірибе алмасты.

Симпозиумда сөз алған облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері медицина ғылымдарының кандидаты  Ж. Ділдәбеков семіздікпен күресу жолында «Неліктен біз FundoRing әдісін Түркістан өңірінде қолдануды таңдаймыз және осы таңдаудың негізгі себептері қандай?» тақырыбында баяндама жасады. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Жиын барысында IBC директоры, профессор Харис Кхваджа бұл отаның тиімділігіне жоғары баға беріп өтті. Осылайша, өңір дәрігерлері шет елдердің үздік мамандарымен тәжірибе алмасып, білімдерін шыңдауда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →