×

Декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталады

Тәртіп бұзушылардың банктік шоттары бұғатталады

Декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталады
Фото: depositphotos.com

16 қыркүйекте Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аясында декларацияларды қабылдау аяқталды. Оны тапсырмағандарға ескерту жасалып, шоттары бұғатталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аясында декларацияларды қабылдау 16 қыркүйекте ресми түрде аяқталды. Еске сала кетейік, оған жеке кәсіпкерлер, басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары және олардың жұбайлары қатысты. 

Бұл жүйеге алғаш рет кірген азаматтар 250-нысан бойынша активтері мен міндеттемелері туралы "енгізілген" декларацияны, ал қалғандары 270-нысан бойынша кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыруға тиіс. 

Жалпы, Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл 2 миллионнан астам жеке тұлға алғашқы декларациясын тапсырған. Дегенмен, белгілі бір себептермен мұны істемегендер де бар. Олардың барлығына ескертулер жіберіліп қойған. 

"Декларация ұсынбаған салық төлеушілерге салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарлама жіберілді", - делінген комитеттің хабарламасында. 

Хабарламаны алғаннан кейін азаматтарға декларация немесе түсініктеме беруге небәрі 30 күн мерзімі бар. Тәртіп бұзушылардың банктік шоттары бұғатталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →