×

Сенатор Хасан Қасымбаевпен туыстығы бар екенін растады

Депутат Қасымбаевпен алыс туыс екенін айтты

Сенатор Хасан Қасымбаевпен туыстығы бар екенін растады
Видео кадры, senate.parlam.kz

Алматы облысынан сайланған Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевпен туыс екенін растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ беттерінде депутат Қасымбаевтың туысы деген ақпарат тараған болатын.

"Иә, мен әлеуметтік желідегі жазбаларды көрдім. Ол ақпаратқа сенсек, мен Қасымбаевтарға қатысты Талғарда болған жағдайға әсер етіппін.

Аслан Қасымбаевтың қызметіне қатысты ешкімге ешқандай өтініш айтпағанымды ресми түрде мәлімдеймін. Оның үстіне Хасан Қасымбаевқа қатысты жүріп жатқан тергеуге де ешқандай әсер еткен жоқпын", - дейді Жөргенбаев.

Депутат Қасымбаевпен алыс туыс екенін айтты.

"Туыс екенімізге қатысты: иә, ол менің алыс туысым екенін растаймын. Қазақта туыс көп қой. Бірақ үнемі байланыста жүрдік деп айта алмаймын. Ары кетсе, тойларда немесе туыстар жиналып қалатын жерлеу сияқты рәсімдерде кездесіп қалатынбыз", - деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
3 адамның өлімі: Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы «жарысқа» полиция қызметкерлерінің қатысы бар ма
Бүгін, 13:52

3 адамның өлімі: Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы «жарысқа» полиция қызметкерлерінің қатысы бар ма

Марат Қожаев Германияда жол ережесін бұза беретіндерге «ақылсыздарға арналған» емтихан бар екенін атап өтті
Тұрғынның сөзінше, жедел ұйымдастырылған эвакуацияның арқасында жақындары аман-есен елге оралып, отбасымен қайта қауышқан
Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазарту жұмыстарына 16 мыңнан астам адам қатысты
Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →