×

«Бишімбаев түрмеден қашып кетті». Қылмыстық-атқару комитеті түсінік берді

Бұған дейін желіде экс-министрдің қашып кеткені туралы ақпарат тараған

«Бишімбаев түрмеден қашып кетті». Қылмыстық-атқару комитеті түсінік берді
Жоғары сот

ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қашып кетті деген әлеуметтік желідегі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде сотталып жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кетті деген ақпарат тарауда. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр, - делінген хабарламада.

Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз, - делінген ведомствоның жауабында.

Айта кетейік, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға сотталған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →