×

Қатерлі ісік диагнозының көбейгенінен қорықпауымыз керек – дәрігер

Қазақстанда жыл сайын 37 мың адам қатерлі ісікке шалдығады.

Қатерлі ісік диагнозының көбейгенінен қорықпауымыз керек – дәрігер
видеодан кадр

Қазіргі кезде онкологиялық ауруға шалдыққандардың саны артып, қатерлі ісік дертімен ауыратындар көбейген. Осы ретте ядролық медицина дәрігері Қуантхан Жабағин қатерлі ісіктің статистикасы артқаннан қорықпау керек деп айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қатерлі ісіктің жыл сайын өскенінен қорықпауымыз керек. Керсінше өсуі тиіс. Біз тек соңғы кезеңдерде анықталған рактардан қорқуымыз қажет. Статистиканың өсуі егер тоқтап қалса, Коронавирус инфекциясы тұсында қателі ісікпен ауыратындардың саны төмендеп кетті. Олар уақытылы емханаларға барған жоқ. Уақытылы ем-дом алмады. Соның салдарынан келесі жылы соңғы стадияларда анықталған қатерлі-ісіктердің саны күрт өсті. Олардың саны 30-40 пайызға дейін жоғарылады, - дейді Қуатхан Жабағин «Хабар» арнасындағы «Талқы» бағдарламасында.

Ол бұл табиғи үрдіс, әлемде болып жатқан жағдай дейді. Қазақстанда ғана  емес, әлемде қатерлі ісікпен ауыратындардың саны көбейген. 

Медицина мамандарының міндеті қатерлі ісік анықталған алғашқы кезеңде-ақ көмек көрсетіп, қауіптің алдын-алу. Бірінші және екінші сатыларда анықтап, қажетті ем-домды көрсету керек, - дейді дәрігер.

Айта кетейік, соңғы статистикалар бойынша Қазақстанда жыл сайын 37 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Өкінішке қарай, 13 мың адам қауіпті індеттен көз жұмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →