×

Бишімбаев балаларының тегін өзгертуіне келісім берді

Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы істі қараған болатын

Бишімбаев балаларының тегін өзгертуіне келісім берді
Фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін Астана соты экс-министр Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарап, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Соттың баспасөз қызметі Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман балалары әкесінің қылмыстық жауапқа тартылуын және қоғам тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз ақпараттар жариялануы салдарынан психологиялық қолайсыздық сезініп жатқанын айтып, үш баланың әкесін ата-ана құқығынан айыруды сұраған.

Дегенмен, соттағылар ата-ана құқығынан айыру үшін мынандай себеп негіз болуы керек екенін еске салды:

ата-аналардың міндеттерін орындаудан жалтару, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтару;

ата-ана құқықтарын теріс пайдалану;

балаға қатыгездік көрсету, оның ішінде оған күш қолдану немесе психикасына зорлық жасау, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасау;

құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық заттарға және (немесе) сол тектестерге салыну;

ол өз баласының, жұбайының не отбасының басқа мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, себебі жауапкер балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеді. Қылмыстық құқық бұзушылық отбасы мүшесіне қатысты жасалмаған. Сондай-ақ сот әкесінің балалардың тегін өзгертуге келісім бергенін назарға алып, талап қоюшыға осы мәселемен АХАТ органына жүгіну құқығын түсіндірді, - деп жазылған Астана соттары телеграм-арнасында.

Айта кету керек, апелляцияда қарау кезінде Бишімбаев өз балаларының тегін өзгертуге және шетелге шығуына келісім берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →