×

Шымкентте 39 жастағы ана оныншы баласын дүниеге әкелді

Көпбалалы ата-ананың үлкен балалары қазір студент атанып үлгерген

Шымкентте 39 жастағы ана оныншы баласын дүниеге әкелді
Фото: Otyrar.kz

39 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова он баланың анасы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Келіншектің 6 қараша күні толғағы ұстап, қалалық перзентханаға жеткізілген. Тоғыз баланың анасы оныншы сәбиін табиғи жолмен босанған. Перзентхананың медициналық қызметкерлері тарапынан қажет көмек көрсетілді. Ана мен баланың жағдайы жақсы.

Көпбалалы келіншек 19 жасында тұрмысқа шыққан екен. 10 баланы 20 жылда өмірге әкелген. Көпбалалы отбасы қазір Жанел, Әнел, Мэлс, Айсана, Нурислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.

Гүлбану Пірімқұлованың күйеуі Болат 43 жаста. Көпбалалы ата-ананың үлкен балалары қазір студент атанып үлгерген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Кейбір ата-аналар балаларын еш жерге тіркемейді немесе арнайы ем алу мүмкіндігіне ие емес
Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →