×

Мұғалімдерді дайындайтын ЖОО-ларға бақылауды күшейту керек – сарапшы

Сарапшы бірінші кезекте болашақ педагогтар дайындайтын ЖОО-ға бақылауды күшейту керек

Мұғалімдерді дайындайтын ЖОО-ларға бақылауды күшейту керек – сарапшы

Білім сарапшысы Талғат Жанысбай мектептерде білім сапасын арттыру үшін бірінші кезекте болашақ педагогтар дайындайтын ЖОО-ға бақылауды күшейту керек деген пікірде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Білім ордаларында білім сапасын арттыру үшін әуелі ЖОО-ға бақылауды күшейту керек. Қазір Қазақстан бойынша өңір-өңірде педагогтар дайындайтын көптеген жеке меншік университеттер бар. Бірақ көпшілігінде өкінішке қарай білім сапасы жоқ деуге болады. Сондықтан еліміздегі басты жоғары оқу орындарының бірінші кезекте білім сапасын арттырып, магистранттарды екінші курста шет елдерге тағылымдамаларға жіберіп жатады. Сол тағылымдаманы олар екі апта мерзімінде өтеді. Ол екі аптада магистрант тағылымдамадан өтпейді. Тағылымдамаға кеткен студенттердің 80%-ы ел аралап қыдырумен уақыт  өткізеді. Сол екі апта деген мерзімді алып тастап, Оқу-ағарту министрлігі оқу бағдарламаларын, әлемде дамыған, мысалы, Сингапур, Малайзия, Финляндия, Жапония сияқты мемлекеттердің білім жүйесі бағдарламаларын алу керек», – дейді Алматы қаласындағы №122 жалпы білім беретін мектептің директоры Талғат Жанысбай.

 Сарапшының айтуынша, магистратурада педагогика бағытында оқитын студенттерді кем дегенде алты айға сол университеттерге тағылымдамаға жіберу керек. 

«Біз көбінесе оған дайын мектепте істеп жүрген мұғалімдерді жіберіп жатамыз. Әрине, оларды да жіберген дұрыс. Дегенмен, студент шағында жоқ дегенде алты ай сол университеттерден тәжірибе алып, дамыған мемлекеттердің білім жүйесін игеретін болса, ол мектепке барғаннан кейін дайын, тәжірибелі мұғалім болып қалыптасады.  Екіншіден, көбінесе бакалаврда оқитын студенттер төрт жыл бойы теориялық білім алады да, тәжірибе аз болады. Сондықтан мектептердегі білім сапасын арттыру үшін төртінші курста кем дегенде алты ай, сегіз ай сол мектептерге барып практикадан өтсе деймін», – дейді ол.

Сондай-ақ білім ордасының басшысы ол үшін университеттен немесе мектептен практиканттармен айналысатын арнайы штат ашылу керек деп есептейді.

«Практиканттармен жұмыс істейтін арнайы бір штат ашылу көрек деп ойлаймын. Себебі, іс-тәжірибеден өтетін практиканттарды қабылдап, соларға тәлімгер болып, мектептегі әдістемелік сабақ өтуде педагогикалық әдістемелерді жіті түсіндіру керек. Мәселен, ол штат «Сабақ қалай өтіледі, жұмыс жоспары қалай жасалады, қысқа мерзімді жоспар, жылдық оқу жоспар қалай жасалады. Барлық іс қағаздармен жұмыс, оқушылармен қалай жұмыс жасау керек, әрбір оқушының психологиялық көзқарасы, олардың ата-анасымен қалай қарым-қатынас қалай орнатып сөйлесу керек» деген сияқты мәселелерді жастарға түсіндіреді», – дейді Талғат Жанысбай.

Сондай-ақ сарапшы бүгінгі балалардың көбі қазір әлеуметтік желілердің көптігінен білімге, сабаққа деген құштарлықтары аз екенін атап өтті. Оның пікірінше. балалардың сабақты менгеруі үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, басқаша қызықтыру арқылы сабақ өткізу әдістерін ойлап табу керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →