×

Танымал travel-блогер қоғамдағы сенім мен жауапкершілікті қалай қалыптастыру керектігін айтты

Ол Қазақстанда көп нәрсе жемқорлыққа байланысты болып отыр деп санайды

Танымал travel-блогер қоғамдағы сенім мен жауапкершілікті қалай қалыптастыру керектігін айтты
Фото: facebook / Аскар Беков

Венгрияда білім алып жүрген travel-блогер Асқар Беков Еуропа мен Қазақстандағы қоғамдағы жауапкершілік пен сенім құндылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Еуропада тұрып жатқаныма бір жылға жуықтады. Кәрі құрлықтың біраз елін аралап шықтым. Қазақстанмен үнемі салыстырып отырамын.  Өзге елдердің жақсы жақтарын алсақ деп армандаймыз ғой.  Ең бастысы, бұл елдерде жауапкершілік, сенім жоғары деңгейде.  Не себепті десек,бұл құндылықтар адамгершіліктен туындайтын дүниелер ғой. Қазақстанда тұрғындарда адамгершілік өте жақсы, бірақ сенім мен жауапкершілік деңгейі төмендеу. Бұған жемқорлықтың салдары болуы мүмкін. Мәселен, Еуропада Шенген аумағына кірген елдерде жемқорлық жоқтың қасы. Сондықтан халықта қай деңгей, қай инстация болмасын сенім бар. Билікке, Парламентке сенім артады. Содан болар, ешкім уайымдамайды», - дейді Асқар Беков.

Ол Қазақстанда көп нәрсе жемқорлыққа байланысты болып отыр деп санайды. Қағаз жүзінде статистика жақсарғанымен, шын мәнінде жемқорлық көрсеткіші төмендеген жоқ. Сондықтан қоғамда сенім мен жауапкершілік төмен деп отыр.

«Кикілжің, сенбеушіліктер осыдан туындайды. Біреудің ала жібін аттамай өмір сүру генімізде бар шығар. Алайда қазір қоғамда сенім азайып кеткен. Адамдарды қорқытып, үркітіп ұстауға бейімделіп алғанбыз. Айыппұлдардың деңгейі жоғары. Оны алып тастасақ, қоғам бақылаудан шығып кететін сияқты көрінеді. Мұның бәрі айналып келгенде бәрі жемқорлыққа тіреледі. Еуропада айыппұл аз. Қоғамда сенім бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →