×

Аида Балаева 1,5 млрд теңгені жымқырды деп ұсталған блогерге қатысты пікір білдірді

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінді

Аида Балаева 1,5 млрд теңгені жымқырды деп ұсталған блогерге қатысты пікір білдірді
Коллаж: Qaz365.kz

Бүгін Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратты тергеп жатқанын мәлім еткен. Осыған қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтықпен мен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады.Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын, – деді Аида Балаева.

Айта кетейік, агенттіктің хабарлауынша, қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылған. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600" және 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алған.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Кейбір ата-аналар балаларын еш жерге тіркемейді немесе арнайы ем алу мүмкіндігіне ие емес
Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →