×

Барша халықты декларация тапсыруға міндеттеу орынды ма – Тоқаев пікір білдірді

Бұл талап 2021 жылдан бері біртіндеп енгізіліп жатыр

Барша халықты декларация тапсыруға міндеттеу орынды ма – Тоқаев пікір білдірді
Фото: depositphotos.com

Бүгін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды жаппай декларация тапсыруға міндеттеу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент азаматтардың табысын жаппай декларациялаудың мән-маңызы зор екенін алға тартты.

«Бұл талап 2021 жылдан бері біртіндеп енгізіліп жатыр. Алғашқы үш кезеңде 4 миллионнан астам адам декларация тапсырды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектордағы басшылар, кәсіпкерлер және осы санатқа кіретін азаматтардың жұбайлары бар. Келесі жылы тағы 8 миллионға жуық адам декларация тапсырады деп жоспарланып отыр. Алайда бір мәселені ескеру қажет. Жаппай декларация тапсыру тұжырымдамасы осыдан 14 жыл бұрын қабылданған. Содан бері елімізде цифрландыру ісі және финтех саласы қарқынды дамып келе жатыр. Түрлі мемлекеттік мекемелерге ортақ мәліметтер базасы пайда болды. Қаржы және салық бақылауы күшейді. Демек осындай ауқымды өзгерістерден кейін төртінші, яғни, соңғы кезеңде азаматтарды декларация тапсыруға міндеттеу қаншалықты орынды деген сұрақ туады. Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы қажет», - деді Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жүлде қоры – 30 000 АҚШ доллары: Түркістан облысында мал шаруашылығының халықаралық көрмесі өтті
Бүгін, 00:00

Жүлде қоры – 30 000 АҚШ доллары: Түркістан облысында мал шаруашылығының халықаралық көрмесі өтті

Көрмеде Гиннесстің рекордтар кітабына енген «Байсары» атты асыл тұқымды қой тұқымы алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды
Сондай-ақ қызметтік пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табыс етілді 
Ғарышкерлер бақжолында 110 түп ағаш отырғызылды
Қазіргі уақытта балалардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, олар амбулаториялық ем қабылдауда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →