×

Ер адамдар коррупциямен отбасын асырау үшін айналысады – «Қазақ аруына» қатысқан шымкенттік сұлу

«Қазақ аруы-2024» байқауынан шу шықты

Ер адамдар коррупциямен отбасын асырау үшін айналысады – «Қазақ аруына» қатысқан шымкенттік сұлу
@qazaqaruy.official

13 қарашада Алматыда «Қазақ аруы» байқауы өткен болатын. Сайыс кезінде қатысушыларға әр түрлі сұрақтар қойылды. Соның ішінде шымкенттік сылқым Алтынай Нұрманқызының жауабы жұртты ду күлдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған «Коррупциямен ұсталған шенеуніктердің арасында неге ер адамдар көп?» деген сұрақ түседі.

Алтынай аз-кем қобалжып, қызық жауап береді.

Билікте отырғандардың көбісі ер адамдар ғой. Олар коррупциямен отбасын асырау үшін айналысады. Арам жолмен ақша табам деп коррупциямен айналысып кетеді, - дейді Алтынай Нұрманқызы.

Желідегілер де өз таңданыстарын жеткізді.

«Жауабы да сұрағына сай екен», «Қазақ аруына» бұл сұрақтың не қатысы бар?», «Бұл сұрақтың нақты бекітілген жауабы жоқ», «Мына сұрақтарды қай ақымақ құрастырған?», - деп жазған желідегілер.

Айта кетейік, «Қазақ аруы-2024» байқауынан шу шықты. Продюсер Баян Алагөзова байқаудағы дауыс беру жүйесі істен шыққанын мойындады. Ол провайдерлердің жарты миллионға жуық дауыс берушілерді көтере алмай, Telegram ботының дауысты қабылдамай қалғанын айтты. Сол себепті де «Қазақ аруы-2024» байқауының жеңімпазы қайта анықталатынын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алматы облысының егін шаруашылығы саласы биыл айтарлықтай жоғары нәтижелерге қол жеткізді
Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты
Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →