×

Түркістан жоғары медициналық колледжі республикалық байқауда үздік білім беру ұйымы атанды

Байқау қорытындысымен Түркістан жоғары медициналық колледжі «Үздік медициналық білім беру ұйымы» атанды

Түркістан жоғары медициналық колледжі республикалық байқауда үздік білім беру ұйымы атанды
Фото: Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Санжар Жапарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негіздеген ісқағаз» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған республикалық жобаға Министрлікке қарасты ұйымдар қатысты. Атап айтқанда, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Қарағанды медицина университеті Республикалық қан орталығы, «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы және Алматы мен Астана қалалаларының, Жетісу, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Абай, Павлодар облыстарының денсаулық сақтау басқармаларына қарасты медициналық ұйымдары өзара бақ сынасты.

Байқау қорытындысымен Түркістан жоғары медициналық колледжі «Үздік медициналық білім беру ұйымы» атанды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әр үйге газ: Қазақстан бұл межеге қашан жетеді?
Кеше, 21:11

Әр үйге газ: Қазақстан бұл межеге қашан жетеді?

Елдегі газдандыру жұмысына соңғы жылдары айтарлықтай ден қойылғанмен, түйткіл көп  
Қаланың барлық ауданында санитарлық тазалау жұмысы белсенді жүргізілуде
Ғалым, экономист, ұстаз Ғалымжан Керімбек ұмытылып отырған дәстүрдің мәнін түсіндірді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →