×

Түркістанда салауатты өмір сүру салтын нығайтуға бағытталған «Қызғылт қазан» акциясы өтті

Бүгінде әрбір науқас және әрбір қыз-келіншек сүт безінің қатерлі ісігі үкім емес екенін түсінуі керек

Түркістанда салауатты өмір сүру салтын нығайтуға бағытталған «Қызғылт қазан» акциясы өтті

Түркістан облысында халықаралық сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру айлығының шеңберінде, салауатты өмір сүру салтын нығайтуға бағытталған «Қызғылт қазан» Pink Run іс – акциясы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара ҚР ДСМ бас онкологы академик Диялра Қайдарованың бастамасымен және Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған. Жарысқа Қазақстанның түрлі өңірінен келген онколог дәрігерлер ғана емес, олардың пациенттері, сондай-ақ бей-жай қарамайтын азаматтар қатысты. Іс-шараның мақсаты – сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мен ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы қоғамдық хабардарлықты арттыру. Pink Run жүгіру – бұл жай ғана спорттық іс-шара емес, үміт, күш пен бірліктің символы және қоғамның назарын тұрақты медициналық тексерулердің қажеттілігіне аудару мүмкіндігі.

Бүгінде әрбір науқас және әрбір қыз-келіншек сүт безінің қатерлі ісігі үкім емес екенін түсінуі керек. Себебі ауруды мейлінше ерте кезеңде анықтаса, оны жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Заманауи терапия әдістерінің арқасында тіпті аурудың кеш сатысында да оны жеңуге болатын әдістер пайда болып жатыр. Сүт безінің қатерлі ісігі - бұл әрбір оныншы әйелде кездесетін қатерлі жаңа түзіліс. Омырау обырын кез келген жаста анықтауға болады. Бірақ 65 жастан асқан әйелдерде бұл қатерлі ісіктің пайда болу қаупі осы жасқа дейінгілерге қарағанда 6 есе жоғары. Қатерлі ісіктің пайда болуының жоғары қаупі міндетті түрде жаңа түзіліске алып келмейді. Қауіп тобына жататын әйел мүлде обыр ауруына шалдықпайтын жағдай кездесіп жатады. Сонымен қатар онкопатология дені сау әйелде анықталуы да ықтимал. Сондықтан өз денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарау және сүт бездерін уақытылы тексеруден өткізу маңызды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →