×

Түркістандық дәрігерлер өт жолында тасы бар науқастарға заманауи ота жасады

Лапароскопиялық хирургия – науқастың ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісі

Түркістандық дәрігерлер өт жолында тасы бар науқастарға заманауи ота жасады

Түркістан облысына қарасты, Қазығұрт аудандық ауруханасының хирург дәрігерлері лапароскопия әдісімен ота жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазығұрттық хирург дәрігерлер өт жолында тасы бар науқастарға заманауи ота жасауды бастады. Осы ретте орталыққа жаңа лапароскопия аппараты орнатылып, науқастардың өт жолындағы тастары хирургиялық жолмен алынып тасталды. Негізінен лапараскопиялық аппаратпен ота жасау науқастар үшін әлдеқайда тиімдірек. Себебі отадан кейінгі ауырсыну синдромы айтарлықтай аз, косметикалық әсері айқын, тыртық қалмайды. Сонымен қатар, науқастардың стационарда жату мерзімі азайып, пациенттің еңбекке қабілеттілігі қысқа мерзім ішінде қалпына келеді.

Лапароскопиялық хирургия – науқастың ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісі болып табылады. Бұл тәсілмен ота жасалған емделуші бір-екі күн ішінде аяққа тұрып кете алады. Бұл операция еліміздің медицинасында бірнеше жылдан бері қолданылып келгенімен жергілікті аудандық ауруханаларға енді ғана енгізіліп жатыр. Кез келген науқас онсыз да ауырып, мазасы кетіп тұрған соң, ең жеңіл тәсілмен ем алғысы келеді. Ал лапароскопиялық технология арқылы науқастың денесін ешбір тілусіз емдеуге болады. Тек бір-екі жерден көлемі 0,5-1,5 см болатын саңылаулар жасалады. Бұндай тәсіл емделушінің қалыпты жағдайға келуін тездетеді. Ал дәстүрлі жолмен жасалатын отада науқастың қалыпқа келуі 8-9 тәулікке созылады. Сол себепті пациенттер өздерін осы әдіспен емдегенді қалайды.

Негізінен лапароскоп құрсақ қуысы мүшелеріне лапароскопиялық диагностикалық, сондай-ақ операциялық манипуляцияларды жүргізуге арналған медициналық қатты эндоскоп.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →