×

Күзде ағзаны аллергияға қалай дайындау керек – түркістандық дәрігер кеңесін айтты

Дәрігердің сөзінше, күзде вирустық инфекциялар кезеңі басталады

Күзде ағзаны аллергияға қалай дайындау керек – түркістандық дәрігер кеңесін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Күзде ауа құрғақ және салқын болады, сонымен қатар жапырақ түсетін кезең басталады. Осы уақытта аллергия күшейеді. Бұл туралы  Qaz365.kz тілшісіне Түркістан қалалық ауруханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері Әнеш Қаламқас айтып берді.

Дәрігердің сөзінше, күзде вирустық инфекциялар кезеңі басталады. ЖРВИ мен тұмау көктемге дейін жалғасады. Ауа-райының өзгеруі, маусымдық аллергендер және вирустық инфекциялар астмаға әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар күзде ауа-райы мен атмосфералық қысымның өзгеруі артритпен ауыратын науқас санының артуына әкеледі. Күзде бұл аурулардың өршуіне жол бермеу үшін өз денсаулығыңызды бақылау, дұрыс тамақтану, иммунитетті нығайту және белсенді өмір салтын ұстану қажет.

«Өздеріңіз білетіндей, ауру күз бен қыста жиі өршиді. Салдарынан суық тиіп, вирустық инфекциялар қозуы мүмкін. Суық ауа райы басталғанда әл-қуаттың төмендеуі, шаршау, көңіл күйдің болмауы адамды мазалайды. Оған қоса, респираторлық вирустық инфекциялар күшіне енеді. Күз – суық мезгіл, әлсіреген адамның ағзасы атмосфералық қысымның тез өзгеруіне бейімделіп үлгермейді. Бұл созылмалы патологияның өршуіне ықпал етеді. Сондықтан қазірден бастап өз денсаулығыңызға назар аударып, ауырудың орнына жақсы көңіл күймен жүру үшін барлық мүмкіндікті пайдалануыңыз керек. Күзде жақсы көңіл күй, қанық ұйқы, физикалық белсенділік, сүйікті іс-шаралар, хобби иммунитетті нығайтуға, стрестен арылуға көмектеседі. Одан бөлек, салқын ауа райында ең бірінші дұрыс тамақтануға көңіл бөліп, ағзаға қажетті қоректік заттарға ақуыздарға, майларға, көмірсуларға бай тағамдарды жеген абзал. Сонымен қатар суды көп ішу керек, әсіресе таза минералды су ішу керек», – дейді Әнеш Қаламқас.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды
Бүгін, 18:14

Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған
Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →