×

Бәйдібек ауданында дәрігерлер жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша семинар өткізді

Семинарда ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу және ағзаның жүйелі шынығуы жөнінде мәліметтер айтылды

Бәйдібек ауданында дәрігерлер жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша семинар өткізді

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері мектеп оқушыларына ЖРВИ, тұмаудың алдын алу және инсульт күніне арналған ұлттық бағдарлама бойынша семинар тренинг өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Семинарда ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу және ағзаның жүйелі шынығуы жөнінде мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, аурудың алғашқы белгілері байқалысымен дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызы зор екендігі түсіндірілді. ЖРВИ – түрлі вирус салдарынан пайда болған респираторлық вирустық ауру тобы. Ол жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен және ағзаның улануымен сипатталады. Ал, тұмау – эпидемиялық маңызы бар ЖРВИ түрі. Бұл аурулардың даму белгілерін алғашқы сатысында байқаудың маңызы зор. ЖРВИ мен тұмауды емдеудің өз ерекшеліктері бар. Сондықтан, уақытылы дәрігерге жүгіну өте қажет. Сондай-ақ, ағзаның вирустарға қарсы тұруы үшін саламатты өмір салтын ұстану маңызды.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты – инфекция кіретін жол ЖРВИ мен тұмауға ортақ болып табылғандықтан, бұл  індеттің де ұқсас белгілері бар. Алайда, тұмау ағыны өткір респираторлық вирустық инфекция ағынынан ерекшеленеді. Екпе жасау – тұмаудың алдын алудағы анағұрлым тиімді әдіс болып табылады. Егер уақытылы екпе жасалса, тұмау вирусын жұқтырғанның өзінде, аурудың ауыр ағымын, сондай-ақ, кейінгі асқынуларын болдырмауға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, ол вирусты жоюшы қорғаушы агенттер «антиденелердің» бөлінуін қамтамасыз етеді. Десе де, ағзаның вирусқа қарсы реакциясы қалыптасып үлгеру үшін екпені індет басталмастан бірнеше ай бұрын жасау керек. ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін жыл бойы, әсіресе, күз бен қыстағы инфекцияның өршу алдында қорғаушы иммундық механизмді нығайту керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →