×

Түркістандық дәрігер қант диабетінің алдын алу туралы айтты

Оның сөзінше, көпшілік адам қант диабеті тәттіні көп жейтіндерде пайда болады деп ойлайды

Түркістандық дәрігер қант диабетінің алдын алу туралы айтты
Фото: ашық дереккөзден

Қант диабеті әлемдегі ең көп таралған эндокринологиялық ауру және оның дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне сұхбат берген Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Ақнұр Бектұрсынова айтты.

Оның сөзінше, көпшілік адам қант диабеті тәттіні көп жейтіндерде пайда болады деп ойлайды. Алайда бұл ауру метаболизмнің бұзылуымен байланысты және ұзақ уақыт қажет ем алмағандықтан, ол қауіпті асқынуларға әкеледі екен. Бұрын бұл аурумен егде жастағы адамдар көп ауырған екен, қазір қант диабетіне жастар да шалдыққан. Бұл ауру тұқым қуалайтынын естен шығармаған жөн. Дегенмен адамның күнделікті өмір салты маңызды рөл ойнайды. Бұл аурудың ағзадағы зат алмасу процестерін бұзатыны соншалық, нәтижесінде дененің көптеген бөлігі, соның ішінде жүрек, қан тамырлары, бүйрек, жүйке жүйесі және көз зардап шегеді.

«Диабеттің алғашқы белгілеріне шөлдеу, жиі зәр шығару, салмақтың төмендеуі және әлсіздік жатады. Осыған ұқсас симптомдар анықталған уақытта бірден дәрігерге қаралған жөн. Уақытында диагностика жасау адам денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі. Диабет кезінде тез сіңетін көмірсуларды – тәттілер, газдалған сусындар және нан өнімдерінен бас тартқан дұрыс. Көкөністерге, ақуыздарға және күрделі көмірсуларға басымдық беру ұсынылады. Диетаны сақтау қандағы қанттың күрт көтерілуінен сақтайды. Артық салмақ осы дертке шалдығу қаупін арттырады. Сондай-ақ спортпен тұрақты түрде шұғылданбау, әрдайым стресстік күйде болу және т.б. аурудың пайда болуына әсерін тигізеді. Диабетпен ауыратындарға тамақтану режимін сақтау маңызды, бұл қандағы қант деңгейін тұрақты деңгейде ұстауға көмектеседі», – дейді Ақнұр Бектұрсынова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →