×

Түркістанда АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстары түсіндірілді

АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасалып, жадынамалық парақшалар таратылды

Түркістанда АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстары түсіндірілді

Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне аталған инфекция жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасалып, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар, қатысушылар өз мәртебесін анықтау үшін орталыққа келіп, тегін медициналық қызметке жүгіне алатындығын айтты. Жалпы инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін. Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады. Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез секілді көп.

АИТВ-инфекциясының тек осы ауруға тән айрықша белгілері мен симптомдары болмайды және ол зертханалық тексеру кезінде, атап айтқанда адамның қанын талдау кезінде анықталады. АИТВ-оң статусы бар адам өзінің жұқтырғаны туралы күдіктенбеуі мүмкін, мұндай жағдайларда АИТВ қосалқы аурулардың бірігуінен кеш анықталып жатады. Әлемде әрбір 5 минут сайын 10 адам АИТВ жұқтырса, оның ішінде 8-і жыныстық жолмен жұқтырады. Жыныстық қатынас халық арасында инфекцияның тез таралуына ықпал етеді. Бір рет болса да қорғалмаған жыныстық қатынасқа түскен және өз серіктесінің АИТВ-статусы туралы білмейтін барлық адамдар тәуекел аймағына жатады.

Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясы – бұл созылмалы аурулар қатарында, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, емге бейімділігі жоғары болғанда өзін жақсы сезініп, жұмыс істеп, әртүрлі хоббимен айналысуы мүмкін, сондықтан тиімді ретровирусқа қарсы терапия ЖИТС сатысына өтуге жол бермей, аурудың бастапқы сатысында дамуын тоқтатуға мүмкіндік беріп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →