АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру
Түркістан облысының Білім басқармасының қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында семинар жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шара барысында аталған инфекцияның клиникалық белгілері жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Өз кезегінде мамандар аталған инфекция бойынша жүргізілетін тиісті шараларды түсіндірумен қатар, қатысушыларға өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік бар екендігі айтылды. Ол үшін орталықтың тегін қызметіне жүгінуге шақырды. Жалпы инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін. Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады. АИТВ-инфекциясының тек осы ауруға тән айрықша белгілері мен симптомдары болмайды және ол зертханалық тексеру кезінде, атап айтқанда адамның қанын талдау кезінде анықталады. АИТВ-оң статусы бар адам өзінің жұқтырғаны туралы күдіктенбеуі мүмкін, мұндай жағдайларда АИТВ қосалқы аурулардың бірігуінен кеш анықталып жатады.
Айта кетейік, АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру. Ауру адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, нәтижесінде науқасты өлімге әкеледі. АИТВ диагнозы арнайы қан анализінің нәтижелері бойынша қойылады, ол көп жағдайда инфекцияны жұқтырғаннан кейін 3 ай аралығындаи нәтиже береді. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы, не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы және симптомсыз кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін.