×

Жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алу қалай жүргізіледі – дәрігер кеңесі

Әлем халқының шамамен 25%-ы генетикалық факторларға байланысты миокард инфарктісінің дамуына бейім

Жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алу қалай жүргізіледі – дәрігер кеңесі
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы елімізде жылдары жүрек ауруына шалдыққандар қатары көбейіп барады. Ертеректе бұл сырқат ересек адамдар да ғана кездессе, қазір жастар арасында да артып бара жатыр. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Түркістан облысындағы Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Ақнұр Бектұрсынова айтты.

Дәрігердің сөзінше жүректің ауруы, қандай да бір сырқаттың асқынуынан немесе жүрек қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын ауру. Жалпы жүрек ауруларының түрлері өте көп. Ең көп тараған түрі стенокардия немесе жүрек миокардының ишемиясы. Ишемия деген – жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін оттегінің дұрыс клеткаға бармауы салдарынан болады.

«Әйел адамдарға қарағанда ерлердегі жүрек ауруларының дамуы көбірек бейім келеді. Себебі оларда әйел адамдардағыдай жыныстық гормон яғни эстрогендер жоқ. Бұл белсенді заттар қан-тамыр мен жүрекке қорғаныс әсерін тигізеді. Сол себептен де көп жағдайда ер адамдар жүрек ауруларына жиі шалдығады. Одан соң, әрине адамның жасы ұлғайған сайын, қандай да бір аурумен ауру қауіпі де айтарлықтай артады. Сондықтан егде жастағы адамдар мейлінше денсаулығына мән берген абзал. Организмдегі кез-келген асқынулар немесе патологиялық процестер адамның жұмыс қабілеті мен функционалдық мүмкіндіктерінен біржола айыруы мүмкін. Сондықтан жүрек ауруларының алдын-алу үшін әр адам өз денсаулығыңа мән беру керек», – деді маман.

Айта кетейік, әлем халқының шамамен 25%-ы генетикалық факторларға байланысты миокард инфарктісінің дамуына бейім. Сондықтан, адамдар жүрек қан-тамыр ауруларын болдырмас үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс және теңгерімді тамақтану маңызды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →