×

Түркістандық дәрігер дұрыс тамақтану қаншалықты маңызды екенін айтты

Дәрігердің сөзінше, дұрыс тамақтану ең алдымен диета емес

Түркістандық дәрігер дұрыс тамақтану қаншалықты маңызды екенін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Ас – адамның арқауы. Қаншалықты дұрыс  тамақтансақ, денсаулығымыз соншалықты мықты болмақ. Дұрыс тамақтану ережелерін ұстана отырып, артық салмақтан қиындықсыз арылуға да болады. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Түркістан облысындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Нұрлан Шалапов айтты.

Дәрігердің сөзінше, дұрыс тамақтану ең алдымен диета емес. Артық салмақтан арылу үшін кейбір қыз-келіншектер түрлі диетаға бет бұрып, кейде тіпті шыдамай бұзып жіберетін де кездер де кездесетін көрінеді. Бұл ағзаға пайдасын емес зиянын тигізеді. Маман адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты екендігін ескертті.

«Денім сау болсын десеңіз ең алдымен тәттіден, қуырылған тамақтардан мүлде бас тартқан абазал. Ал, тәттісіз ағазаға қиын деп шешсеңіз, тәттіні алмастыратын көптеген өнімдер бар мәселен қантты алмастыратын арнайы таблеткаларды қолдануға болады. Сондай-ақ, тәтті торт, бәліш, құймақ сынды өнімдерді бидай ұнынан емес, күріш, жүгері, сұлы жармасының ұнымен калориясы аз әрі денсаулыққа өте пайдалы етіп пісіруге болады. Ыстық тамақтарды мүмкіндігінше суға немесе буға пісірген абзал. Тамақты жасқа қарай ішіп-жеуге тиістіміз. Алайда, тамақ ішу арасындағы аралық 4-5 сағат болуы маңызды. Жүргізілген зерттеулер негізінде, кешкі ас пен ұйқының алдындағы аралықта 2-3 сағат өтуі керек. Адамның денсаулығының 80%-ы оның қалай тамақтануына байланысты болады. Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі екенін ұмытпайық. Созылмалы жұқпалы аурулардың көпшілігінің себебі де тағам болып табылады, сондықтан оны олардың алдын алу және құтылу үшін пайдалануға болады», – дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →