×

Заманбек Нұрқаділов пен бірінші әйелінің де дәм-тұзы қараша айында таусылды

Екеуі 1965 жылы үйленіп, 1995 жылы ажырасқан

Заманбек Нұрқаділов пен бірінші әйелінің де дәм-тұзы қараша айында таусылды
Фото: жеке архив

Бүгін 80 жасқа қараған шағында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке жар болған Нұрбике Ілімбайқызы өмірден өтті. Бір қызығы, екеуінің дәм-тұзы дәл осы қараша айында таусылған екен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заманбек Қалабайұлы 2005 жылдың 12 қарашасында кешкісін Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан болатын. Бірінші жұбайы – Нұрбике Ілімбайқызы да араға 19 жыл салып, қараша айында өмірден өтіп отыр.

Ол соңғы сұхбаттарының бірінде: «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында физика-математика факультетінде оқыдым. Физика, математика деген жеңіл пән емес қой. Мүмкін, мінезім де ауыр болған шығар. 27 жыл бірге тұрдық. Қолымда енем болды. Екі бала өмірге келді. Қайратты төртінші курста өмірге әкелдім. Студенттердің баласы болды. Атын Қайрат деп қойған да жолдастарымыз. Сол кезде бәріміз «Қайраттың» ойынын көретін едік. Тимур Сегізбаев сияқты болсып деп қойды атын. Құралай келді өмірге. Балаларды жақсы тәрбиеледік. 27 жыл бірге тұрдық, сосын анау-мынау болып кетті өмірі Зәкеңнің. Үйден кетпекші болып, сол 30 жыл дегенде ажырастық. 1965 жылы үйленіп, 1995 жылы ажырастық. Тек жолы болсын. Бізден кетті, басқаға жетті», - деген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ
Кеше, 12:03

Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ

Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 
Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда.
Бұл постқа пікір жазғандар да мұндай мәселенің бар екенін айтып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →