×

Жатыр мойнының обырына шалдыққандар көбейді – Төлеби ауданының дәрігері

Дәрігерлердің сөзінше, жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді

Жатыр мойнының обырына шалдыққандар көбейді – Төлеби ауданының дәрігері
Фото: freepik

Дәрігерлердің сөзінше жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы Төлеби аудандық ауруханасының эпидемиолог дәрігерлері аудандағы Жіңішке ауылының «Көксәйек» ШЖББМ оқушыларына жатыр мойын обырына қарсы екпе бойынша түсіндірме жұмыстырын жүргізді.

Дәрігерлердің сөзінше, жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Негізінен бұл дертке адам ағзасындағы папиллома вирусы себепкер. Жатыр мойнының обыры әйелдерде ең көп кездесетін онкологиялық дерттің бірі. Жатырдың төменгі бөлігінде жатыр мен қынапты біріктіріп тұратын мойын, яғни босану жолы бар. Жатыр мойнының обыры 16, 18, 31, 33, 35 немесе 39 түрге жататын адам папилломасының вирусынан туындаған цервикалды интраэпителиалды неоплазияя (CIN) нәтижесі болып саналады. Көбіне жатыр мойнының обырына 45-50 жастағы әйелдер шалдығады. Алайда онкологтар соңғы уақытта бұл аурудың жас әйелдерден де анықталып жатқанын айтуда.

Жатыр мойнының обыры алдында қатерлі емес және обыралды процестер болады. Қарапайым эктопия, эндоцервикоз, лейкоплакия, эндометриоз, жатыр мойнының тыртықты дефформациясы қатерлі емес процестерге, түрлі деңгейдегі жатыр мойнының дисплазиясы обыралды процеске жатқызылған. Жатыр мойнының обырын емдеу әдісін дәрігер науқастың жағдайы және аурудың сатысын есепке ала отырып белгілейді. Негізінен жатыр мойнының обырына шалдыққандар хирургиялық, сәулелік терапия, химиотерапия сынды әдістермен емделеді. Жатыр мойны обырының профилактикасы – адамдардағы папиллома вирусына қарсы екпелердің болуы. Бұл екпе интимдік қатынас болмаған кезде жасалады. Ол обыр дертіне шалдығу және АПВ жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →