×

Бауыр ауруына калориясы жоғары тамақтану көп себеп болады – Сауран ауданының дәрігері

Бауыр ауруының орын алуының басты себебі – бұл калориясы жоғары тамақтанумен байланысты салауатты өмір салтын ұстанбау

Бауыр ауруына калориясы жоғары тамақтану көп себеп болады – Сауран ауданының дәрігері
Фото: ашық дереккөзден

Бауыр ауруларының бірнеше түрлері бар. Соның ішінде, инфекция және тұқым қуалайтын тұрғыда туындаған бауыр ауруларын айта аламыз. Бұл туралы Түркістан облысы Сауран ауданының терапевт воп дәрігері Ақтолқын Таубаева Qaz365.kz тілшісіне түсіндіріп берді.

Бауыр – бұл денеміздегі маңызды ағзалардың бірі. Ол ас қорытуға көмектеседі, өмірлік маңызды заттарды синтездейді және токсиндерді шығарады. Бауыр қызметінің бұзылуы әлемде ең кең таралған проблемалардың бірі.

Сонымен қатар бауыр ауруының орын алуының басты себебі – бұл калориясы жоғары тамақтанумен байланысты салауатты өмір салтын ұстанбау, физикалық қозғалыстың болмауы, майлы және рафинадталған көмірсуларды шамадан тыс тұтыну болып саналады. Осының салдарынан бүгінде бауыры зақымдалған науқастар саны артқан.

«Бауыр – адам организміндегі ең басты ағза. Өкінішке қарай, оны басқа ештеңемен алмастыруға болмайды. Бауыр дегеніміз қанды сүзгіден өткізу, маңызды ақуыздар мен гормондардың синтезі сынды ауқымды функциялар топтамасы шоғырланған бірегей фабрика деп айтсақ болады. Бауыр ауруларының алдын алудың тағы бір жолы – ол профилактика. Дәрігер ретінде өміріңізден алкогольді, темекі шегуді, майлы және өңделген тағамдарды алып тастауға кеңес беремін. Сондай-ақ қалыпты салмақты сақтау маңызды, өйткені семіздік бауырдың алкогольсіз майлы ауруының дамуына ықпал етуі мүмкін. Әр адам физикалық белсенділікке жеткілікті уақыт бөлуі керек. Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз, қандай жағдай болмасын дәрігерлермен кеңесіңіз, дәрі-дәрмектерді тек ұсынылған мөлшерде қабылдаңыз. Сонымен қатар А және В гепатитіне қарсы профилактикалық егуді ұсынамын», – дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →