×

Ордабасы ауданында Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтілді

Психикалық денсаулық – денсаулықтың ажырамас және маңызды құрамдас бөлігі

Ордабасы ауданында Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтілді
Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні – бұл проблеманың маңыздылығына назар аудару мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар әрқайсымызды әрекет етуге шақыру. Осы датаға орайы Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы орталық ауруханасында психолог медицина қызметкерлеріне жұмыс орнында психикалық денсаулықты нығайту бойынша семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күшімізді біріктіру арқылы ғана біз әрбір адам өзінің қорғалғанын және қолдау көрсетілгенін сезіне алатын және психикалық денсаулық қоғамның барлық таптары үшін маңызды болатын ортаны құра аламыз. Психикалық денсаулық адамның жалпы денсаулығының негізгі элементі болып табылады. Ол күнделікті қиындықтармен күресу білу, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру, өнімді еңбек ету және қоғамға үлес қосу қабілеттерінен тұрады. ДДСҰ депрессияның және психикалық бұзылыстардың еңбек өнімділігін төмендетуіне байланысты жыл сайын айтарлықтай экономикалық шығындарға әкелетінін хабарлайды.

Психикалық денсаулық денсаулықтың ажырамас және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол әр адам өзінің қабілеттері мен әлеуетін жүзеге асыра алатын, әдеттегі өмірлік күйзелістерге төтеп бере алатын, өнімді және жемісті жұмыс істейтін және өз қауымдастығының өміріне үлес қоса алатын әл-ауқат күйі ретінде анықталады. Бұл жағымды мағынада психикалық денсаулық әр адамның әл-ауқатының және бүкіл қоғамдастықтың тиімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні жалпы депрессиялық бұзылуларды, альцгеймер ауруын, эпилепсияны, есірткіге тәуелділікті, ақыл-ой кемістігін азайту және алдын алу мақсатында қолға алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →