×

Студенттер тұрғын үй кезегіне тұрып, шәкіртақысымен үй ала алады

18 жастағы студент үй алуға кезекке тұра алады

Студенттер тұрғын үй кезегіне тұрып, шәкіртақысымен үй ала алады
Сурет: mgpu.ru

Ендігі уақытта студенттер де тұрғын үй кезегіне тұра алатын болды  деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы  «Отбасы банк» АҚ Орталық филиал директорының орынбасары Дария Батенова «1001 түн» бағдарламасында айтып берді. 

«18 жастағы студент үй алуға кезекке тұра алады. Ол кезегі келіп жатқан уақытта әлі студент болған жағдайда оның шәкіртақысы табыс көзі болып табылады. Егер ол жеткіліксіз болса, екі адам кепіл болуы керек», - дейді Дария Батенова.

Бүгінгі таңда Қазақстанда әкімдіктердің кезегінде тұрған азаматтардың ғана мемлекеттің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуларына немесе оны сатып алу құқығынсыз баспананы жалға алуларына мүмкіндіктері бар. Мемлекеттің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша сатып пәтер алу үшін әкімдікке кезекке тұруға тек Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары ғана құқылы екенін атап өткен жөн.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті
Кеше, 09:44

Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті

Сарай 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған
Таудың жақындығы – қаланың басты бәсекелестік артықшылығы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →