×

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жеке қабылдауын өткізді

Асхан Мархабайұлы алдымен жеке мәселесімен келген қала тұрғынының өтінішін тыңдады

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жеке қабылдауын өткізді

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев кезекті жеке қабылдауын өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Асхан Мархабайұлы алдымен жеке мәселесімен келген қала тұрғынының өтінішін тыңдады. Тұрғын арызын тындаған басқарма басшысы тиісті мамандарға мәселенің шешу жолдарын тапсырды. 

Кезек тәртібімен жазылғ¬ан Боралдай ауданының тұрғыны болды. Арызданушы Боралдай амбулаториясына қатысты өтінішімен келген. Денсаулық сақтау басшысы аталған мәселені жан-жақты қарап, назарға алатынын жеткізді.

Қабылдауға келген келесі тұрғын облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігеріне шағымымен келген. Басқарма басшысы бұл сұрақты бас дәрігерге жолдап, көмек көрсетілетінін айтты. Одан бөлек басқарма басшысы жеке мәселесімен келген тағы да екі тұрғынның жеке мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады.

Айта кетейік, Асхан Мархабайұлы келушілердің жеке мәселелерін өз тарапынан қатаң бақылауға алатынын және орындалуын қадағалайтынын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →