×

Доллардың қымбаттауына байланысты тұрғын үй бағасы көтеріле ме

Доллар бағамы бүгін 530 теңгеге жетті

Доллардың қымбаттауына байланысты тұрғын үй бағасы көтеріле ме
Фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров доллар бағамының күрт өсуіне байланысты баспана қымбаттауы мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Байбазаров еліміз цемент, арматура сияқты құрылыс материалдарымен өз-өзін қамтамасыз ететінін атап өтті. Бірақ ішкі әрлеу бойынша проблема бар.

«Қазір тиісті шаралар қолға алынып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыс саласын дамыту, дәлірек айтқанда Қазақстанда әрлеу материалдарын өндіру бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырдық. Менің ойымша, біз импортқа тәуелділікті жойып, өз өнімдерімізді экспортқа шығаратындай дәрежеге жету үшін белгілі бір ақша құямыз. Сол себепті импортталатын құрылыс материалдары бағасының өсуіне байланысты тұрғын үй нарығында баға өзгеретін шығар. Біз мұны жоққа шығармаймыз», - деді министр Үкіметте өткен брифингте.

Десе де вице-премьер әлеуметтік тұрғын үй мәселесі үкіметтің бақылауында екенін айтты.

«Ал бизнес, люкс сияқты әртүрлі санаттағы нарықтағы үйлердің бағасын нарық өзі анықтайды. Егер осындай бағаға сұраныс болса, құрылыс компаниясы да сол бағамен сатады. Ал егер болмаса, осы жылдар ішінде құрылыс компаниялары маркетингті жақсы меңгеріп алды, пәтер сату қолдарынан келеді, әртүрлі схемаларды ұсына алады. Ал біз әлеуметтік баспананың құрылысын әрі қарай ұлғайтамыз», - деді Байбазаров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев алматылық автобус жүргізушісін "Шапағат" медалімен марапаттады
Бүгін, 14:57

Тоқаев алматылық автобус жүргізушісін "Шапағат" медалімен марапаттады

Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады
Кейінгі кезде осы жайлы әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті
Ел өңірлерінде сұранысқа ие тауарлардың бірі – картоптың бағасы қымбаттаған
Табиғи газ экологиялық жағдайды жақсартады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →