×

Қияр мен қызанақ бағасы 40 пайызға қымбаттады

Азық-түліктен қияр бағасы – 40,3%, қызанақ – 37,3%-ға қымбаттады

Қияр мен қызанақ бағасы 40 пайызға қымбаттады
Flickr.com

2024 жылғы қарашада тұтыну бағаларының айлық индексі алдыңғы айдағыдай 0,9% құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,1%, ақылы қызметтер – 0,8%, азық-түлік емес тауарлар 0,7% жоғарылады.

Азық-түліктен қияр бағасы – 40,3%, қызанақ – 37,3%, тәтті бұрыш – 15,5%, басты пияз – 13,9%, сарымсақ – 10,1%, қырыққабат – 8,9%, картоп – 6,2%, апельсин – 4,8%, лимон – 4,1%, күнбағыс майы 4% өсті. Бағаның төмендеуі күрішке – 2%, қантқа – 1,9%, алмаға 0,7% байқалды.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға – 11,4%, электр энергиясына – 3,4%, қоқыс шығаруға – 2,2%, орталықтан жылытуға 2,1% жоғарылады. Шинамонтаж қызметтері 3%, монша қызметтері – 2,6%, шаштараз бен сұлулық салондарының қызметтері 1,2% қымбаттады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қараша айында бағаның өсуі отынға – 1,4%, тас көмірге 1% байқалды. Смартфон – 9,8%, алтыннан жасалған неке жүзігі – 6,2%, киім және аяқкиім 0,9% қымбаттады.

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 1,5% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы қаласында 0,4% тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Шымкент қаласында – 2%, азық-түлік емес тауарларына – Маңғыстау облысында 2,3%, ақылы қызметтерге – Алматы облысында 2,6% өсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев алматылық автобус жүргізушісін "Шапағат" медалімен марапаттады
Бүгін, 14:57

Тоқаев алматылық автобус жүргізушісін "Шапағат" медалімен марапаттады

Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады
Кейінгі кезде осы жайлы әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті
Ел өңірлерінде сұранысқа ие тауарлардың бірі – картоптың бағасы қымбаттаған
Табиғи газ экологиялық жағдайды жақсартады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →