×

Түркістан облысында қанша адамда қант диабеті тіркелген

Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке тіреледі

Түркістан облысында қанша адамда қант диабеті тіркелген

Түркістан облысы бойынша штаннан тыс балалар дәрігері-эндокринолог Арай Жайлаубаева облыстағы қант диабетіне қарсы күрес жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі таңда облыс бойынша ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 37 мың адам осы ауру бойынша тіркелген. Сырқаттың алдын алу мақсатында өңірдегі барша эндокринолог-дәрігерлерге қант диабетін емдеу бойынша қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа тәсілдерді, жаңа дәрі-дәрмектерді түсіндіру мақсатында тұрақты түрде конференциялар өткізіп келеміз», – деді Арай Жайлаубаева.

Қант диабеті ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру. Қант диабеті инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелсіз болып 2 түрге бөлінеді. Ең басты себептердің бірі – тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады. 

Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке тіреледі. Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн .Тұқым қуалаушылық-тың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр.Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы,химиялық өндірістің зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды. Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі, оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →