×

Тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолдары қандай – дәрігер кеңесі

Дәрігердің сөзінше, тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолдарының бірі – гигиена ережелерін сақтау.

Тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолдары қандай – дәрігер кеңесі
Фото: gov.kz

Тұмау – әлемдегі ең кең таралған жұқпалы аурулардың бірі. Ол ауа-тамшы арқылы таралып, әсіресе суық мезгілдерде адамдардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Тұмаудың алдын алу – әр адамның өзіне ғана емес, жалпы қоғамға да пайдасын тигізетін маңызды шара. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Түркістан облысы, Сауран ауданының терапевт воп дәрігері Таубаева Ақтолқын айтты.

Дәрігердің сөзінше, тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолдарының бірі – гигиена ережелерін сақтау. Адам қолын жиі жуып, қоғамдық орындарда бетперде қолданса, вирустың таралуы айтарлықтай азаяды. Сонымен қатар, адамдар түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды жабу қажет. Бұл қарапайым әрекеттер вирус жұқтыру қаупін төмендетеді. Иммунитетті көтерудің тағы бір жолы - құрамында С витаминдері бар өнімдерді пайдалану, спортпен айналысу және организмді шынықтыру  болып табылады.

«Тұмаудың алдын алуда вакцинацияның рөлі ерекше. Маусымдық вакциналар вирус штамдарына бейімделіп, аурудың ауыр өту қаупін азайтады. Әсіресе, балалар, қарттар және созылмалы ауруы бар адамдар үшін вакцинация өте маңызды. Тұмаудың таралуын азайту үшін халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын алу шараларын түсіндіру – індеттің алдын алудың тиімді әдісі. Тұмаудың алдын алу – әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігінен басталады. Бұл – тек жеке басымыздың амандығы ғана емес, айналамыздағы адамдардың да саулығы. Әрбір адам санитарлық ережелерді сақтап, иммунитетті нығайтып, вакцинациядан өтсе, тұмауды жеңу мүмкін болмақ. Денсаулық – басты байлық, сондықтан оны қорғау – бәріміздің міндетіміз», – дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →