×

Түркістандық студенттерге АИТВ инфекциясы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Инфекция көзі – вирус жұқтырған адам, вирус тасымалдаушы немесе ЖИТС-пен ауыратын адам

Түркістандық студенттерге АИТВ инфекциясы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Түркістан жоғары медицина колледжінің студенттері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар орталықпен бірлесіп іс-шараларға белсене атсалысып жүрген жастар марапатталды. Мамандар жастарға аталған инфекцияның қаншалықты қауіптілігі екендігін түсіндіріп, аурудың алдын алу шаралары бойынша ашық түрде пікір алмасты. Дәрігер эпидемиологтардың түсіндірме жұмыстарымен жалғасқан бұл шарада аталған инфекцияның клиникалық белгілері мен одан сақтану шаралары айтылды. Сондай-ақ қатысушыларды өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік берілетін орталықтың тегін қызметіне жүгінуге шақырды. Шараға қатысқан студенттер ақпаратпен толық танысып, сауалдарына толық жауап алды.

Жалпы АИТВ-инфекциясы адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру. Ауру адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, нәтижесінде науқасты өлімге әкеледі. ЖИТС– аурудың соңғы немесе терминалды сатысы. Инфекция көзі – вирус жұқтырған адам, вирус тасымалдаушы немесе ЖИТС-пен ауыратын адам. Вирус тасымалдаушылар көбінесе жұқтырғанын білмей, өздерін сау деп санайды, өйткені оларда бірнеше жыл бойы ауру белгілері болмауы мүмкін. Вирус тасымалдаушылар көбінесе жұқтырғанын білмей, өздерін сау деп санайды, өйткені оларда бірнеше жыл бойы ауру белгілері болмауы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді
Бүгін, 16:11

LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді

Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді
Соңғы үш жылда Алматы қаласында 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды
Жергілікті білім беру ұйымдары ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпей, құқықтары бұзылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →