×

Бауыр ауруының белгілері қандай – дәрігер кеңесі

Дәрігердің сөзінше, бауыр ауруларының белгілері әртүрлі болуы мүмкін және олар басқа аурулармен ұқсас болуы ықтимал

Бауыр ауруының белгілері қандай – дәрігер кеңесі

Бауыр – адам ағзасындағы ең маңызды органдардың бірі. Ол қан тазарту, токсиндерді шығару, қоректік заттарды сақтау және энергияны реттеу сияқты көптеген маңызды қызметтерді атқарады. Дегенмен, бауырдың дұрыс жұмыс істемеуі түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Түркістан облысындағы Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Ақнұр Бектұрсынова айтты.

Дәрігердің сөзінше, бауыр ауруларының белгілері әртүрлі болуы мүмкін және олар басқа аурулармен ұқсас болуы ықтимал. Сондықтан мұндай белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек. Уақтылы диагноз қою және ем қабылдау бауырдың қалыпты жұмысын қалпына келтіруге көмектеседі. Бауыр ауруларының алғашқы белгілерін білу – ерте кезеңде анықтап, тиімді ем қолдану үшін маңызды.

«Бауыр ауруларының ең айқын белгілерінің бірі – сарғаю. Бұл кезде тері, көздің ақ қабығы және шырышты қабаттар сарғыш түске боялады. Сарғаюдың себебі – қанда билирубин деңгейінің жоғарылауы. Сонымен қатар, терінің қатты қышуы және көгерулердің жиі пайда болуы да бауырдың зақымдалуын көрсетуі мүмкін. Бауыр ауруларында іштің оң жақ қабырғасының астында ауырсыну немесе ыңғайсыздық сезіледі. Кейде іш көлемінің ұлғаюы байқалады. Сондай-ақ, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, және салмақ жоғалту сияқты ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер жиі кездеседі. Бұл белгілер бауырдың тағамды дұрыс өңдей алмауынан туындайды. Адамдар әлсіздік, шаршағыштық және энергияның жетіспеушілігін сезінуі мүмкін. Кейде жүйке жүйесінде өзгерістер байқалады, олар ұйқысыздық, шатасу, тіпті есте сақтау қабілетінің төмендеуі. Бұл бауырдың токсиндерді толық шығара алмауынан пайда болады», – деді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады
Бүгін, 17:23

Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →