×

Артық майдың жиналу себептері қандай – дәрігер кеңесі

Дәрігердің сөзінше, дұрыс тамақтанбау – артық май жиналудың басты факторларының бірі

Артық майдың жиналу себептері қандай – дәрігер кеңесі
Фото: ашық дереккөзден

Адам ағзасында май тіндері белгілі бір деңгейде қажетті, себебі олар энергия қоры, жылу реттеуші және ішкі органдарды қорғаушы қызметін атқарады. Алайда артық майдың жиналуы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Бұл мәселенің бірнеше негізгі себептері бар. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Түркістан облысындағы Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының мейірбикесі Ұлнұр Самин айтты.

Дәрігердің сөзінше, дұрыс тамақтанбау – артық май жиналудың басты факторларының бірі. Калориясы жоғары, бірақ құнарлылығы төмен тағамдарды жиі тұтыну фастфуд, тәттілер, газды сусындар артық калория жинауға әкеледі. Сонымен қатар, тамақ мөлшерін бақыламау немесе түнгі уақытта тамақтану да майдың жылдам жиналуына ықпал етеді. Қазіргі заманғы өмір салты, оның ішінде ұзақ уақыт компьютер алдында отыру, көлікті жиі пайдалану және дене қимылының аздығы энергияны аз жұмсап, майдың жиналуына жағдай жасайтын көрінеді.

«Генетикалық факторлар да артық май жиналуға әсер етуі мүмкін. Кейбір адамдардың метаболизмі баяу жұмыс істейді, бұл олардың ағзасында калорияларды майға айналдыру процесін жылдамдатады. Сонымен қатар, гормоналды өзгерістер, әсіресе әйелдерде жүктілік, менопауза немесе гормоналды бұзылыстар кезінде май тіндерінің артуына себеп болуы мүмкін. Стресс пен ұйқының бұзылуы да артық салмақтың себептері қатарында бар. Стресс кезінде ағза кортизол гормонын көп бөліп шығарады, бұл майдың іш аймағында жиналуына әсер етеді. Ал, ұйқының жетіспеушілігі метаболизмді баяулатып, аштық сезімін арттырады. Дұрыс тамақтану, белсенді өмір салты және денсаулыққа мұқият қарау бұл мәселенің алдын алуға көмектеседі», – дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады
Бүгін, 17:23

Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →