×

Ағзадағы паразиттерден қалай құтыламыз – дәрігер кеңесі

Дәрігердің сөзінше, паразиттерді анықтау-олардан құтылудың алғашқы қадамы

Ағзадағы паразиттерден қалай құтыламыз – дәрігер кеңесі
Фото: sprosivracha.com

Адам ағзасына түскен паразиттер көптеген аурулардың себебі болуы мүмкін. Олар ішекте, бауырда, бұлшық еттерде немесе тіпті қан айналым жүйесінде өмір сүріп, ағзаның қалыпты жұмысын бұзады. Паразиттерден құтылу үшін алдын алу шаралары мен тиімді емдеу тәсілдерін білу маңызды. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Ғалия Нұрмаханбет айтты.

Дәрігердің сөзінше, паразиттерді анықтау-олардан құтылудың алғашқы қадамы. Ағзада паразиттер бар екенін іштің жиі ауырсуы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, тәбет өзгерістері, әлсіздік немесе аллергиялық реакциялар арқылы байқауға болады. Мұндай белгілер байқалса, дәрігерге қаралып, нақты диагноз қою үшін арнайы талдаулар жасау қажет.

«Паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектерді дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек. Өзін-өзі емдеу ағзаға зиян келтіруі мүмкін, себебі әр паразит түріне жеке ем қажет. Сонымен қатар, дәрілік препараттармен қатар иммунитетті көтеруге бағытталған дәрумендер мен қоспаларды пайдалану ұсынылады. Халықтық әдістер де тиімді көмекші құрал бола алады. Мысалы, сарымсақ, асқабақ дәндері, имбирь немесе қырмызы сияқты табиғи өнімдер паразиттерге қарсы әсер етеді. Алайда мұндай әдістерді негізгі емдеумен үйлестіріп қолдану керек. Алдын алу шаралары паразиттерден құтылудың ең сенімді жолы болып табылады. Қолды жиі жуу, жеміс-жидектерді мұқият тазалау, ет пен балықты жақсылап пісіру, таза ауыз су ішу сияқты қарапайым ережелер паразиттердің ағзаға түсуін болдырмауға көмектеседі. Паразиттерден құтылу үшін кешенді тәсіл қажет, олар дұрыс диагностика, тиімді емдеу және алдын алу шараларын сақтау», – дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады
Бүгін, 17:23

Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →