×

Денсаулыққа қауіпті ерте диагностикалау: Арыста ашық есік күні

Шарада ұйқы безінің аурулары өзекті медициналық мәселе болып отырғандығы баяндалды

Денсаулыққа қауіпті ерте диагностикалау: Арыста ашық есік күні

Түркістан облысына қарасты, Арыс қалалық орталық емханасында өкпе, ұйқы безі және қуық асты безі қатерлі ісіктерінің даму қаупінің факторлары мен ерте диагностикалау мүмкіндіктері бойынша “Ашық есік күні” өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара аясында емханаға қарасты аймаққа тіркелген тұрғындар жалпы тәжірибелік дәрігер, уролог, фтизиатр, терапевт, СӨСҚ дәрігерлерінің кеңесін алды. Профилактика бөлімі мамандары да тұрғындарға қызмет көрсетіп, жан-жақты мәліметтермен таныстырды. Келушілер флюорография кабинеті қызметін тегін пайдаланды. Тұрғындарға аталмыш тақырыптар аясында ақпараттық-танымдық үнпарақтар таратылып, аурудың алдын-алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дәрігерлер тұрғындарды салауатты өмір салтын қолдап, дұрыс тамақтанумен жиі дәрігерлік тексеруден өтіп тұруға шақырды. 

Шарада ұйқы безінің аурулары өзекті медициналық мәселе болып отырғандығы баяндалды. Панкреатит өлім-жітім саны көп болатын ең қауіпті патологиялардың бірі болып саналады. Ұйқы безінің қатерлі ісігі өмір сүру деңгейі 5 жылдан төмен ең қауіпті ісік түрлерінің бірі болып табылады. Ұйқы безінің патологиялары әртүрлі сипаттағы ауырсыну ретінде көрініс табуы мүмкін: қатты және сыздау, әлсіз және қарқынды.

Сонымен қатар, негізінен аз қозғалысты өмір салты және физикалық белсенділіктің жетіспеуі ішек, сүт безі және басқа да қатерлі ісік түрлерінің даму қаупін арттыруы мүмкін. Мысалы, темекі тарту мен алкоголь ішу онкологияға әкелуі мүмкін. Темекі түтініндегі никотин мен басқа заттар ағзаға канцерогенді әсер береді. Дәрігерлердің  айтуынша, темекі тарту өкпе, ауыз, тамақ, өңеш және қуық қатерлі ісіктерінің даму қаупінің негізгі факторларының бірі болып саналады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады
Бүгін, 17:23

Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →