×

Өскеменде ХҚКО басшысы жүргізуші куәлігін алушылардан ақша жинап, оған пәтер сатып алған

Ол қызмет бабын пайдалану арқылы 32 млн теңгеден астам қаржы жинаған

Өскеменде ХҚКО басшысы жүргізуші куәлігін алушылардан ақша жинап, оған пәтер сатып алған
Сурет: gov.kz

Өскеменде Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырушылардан ақша жинап, оған пәтер сатып алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның қылмыстық табысын Қаржылық мониторинг агенттігінің «Параллельді қаржылық тергеу» жобасы анықтауға мүмкіндік берген. 

Сот мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысына 3 жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындап, 19,5 млн теңге тұратын екі бөлмелі пәтерін тәркіледі.

"Ол 2023 жылы ақпан мен қазан айлары аралығында жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырғандардан 32 млн теңгеден астам ақша жинау схемасын ұйымдастырған" – делінген ҚМА хабарламасында.

Қызмет бабын асыра пайдаланған ол ақшаға Өскеменнен екі бөлмелі пәтер сатып алып, оны анасының атына ресімдеген. Кейін пәтерді жалға беріп отырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесті
Кеше, 17:38

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесті

Тұрғындар тарапынан әлеуметтік инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыл шаруашылығын қолдау, білім беру, медицина және ауызсу мәселелері көтерілді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →