×

Шерзат Болаттың әкесі полиция бөлімінен ауруханаға жеткізілді

Шерзат Болаттың әкесі полиция бөлімінен ауруханаға жеткізілді
видеодан кадр

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты полиция басқармасынан ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бағдат Әшімов айтты.

 Қазір оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сотта тиісті шешім қабылданады. Ол 5-тен 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін. Полиция бөліміне жеткізілгеннен кейін Нұрымов өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтып, шағымданды. Содан кейін біз жедел жәрдем шақырдық. Оны мамандар тексеріп, орталық ауруханада тексерген жөн деп шешім шығарды, – дейді Бағдат Әшімов.

Еске салайық, осыған дейін  марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай інісі Нұрғанаттың мәйіті табылған орынды көрсетіп видео жариялағанын жазған болатынбыз.

Бірақ туған-туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді. Бүгін марқұмды жер қойнына тапсырғаннан кейін ағасы Қаржаубай Нұрымов оның өлім себебін ашық тергеуді талап етіп, наразылық білдірген. Оны полиция ұстап әкетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтардың 85%-ы ЛГБТ насихатына тыйымды қолдайды – құқық қорғаушы Балтабаева
Бүгін, 19:47

Қазақстандықтардың 85%-ы ЛГБТ насихатына тыйымды қолдайды – құқық қорғаушы Балтабаева

Алматыда құқық қорғаушылар мен заңгерлер ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қолдады  
Көрерменге түсінікті болу үшін көрменің әр аймағы белгілі бір мағыналық қабатты ашатын арнайы кеңістікке бөлінген
Тұрғындар тарапынан әлеуметтік инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыл шаруашылығын қолдау, білім беру, медицина және ауызсу мәселелері көтерілді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →