×

«Хутор» деген бандалық топ тіркелмеген – Алматы облысының әкімі

«Хутор» деген бандалық топ тіркелмеген – Алматы облысының әкімі
ОКҚ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те Талғарда «Хутор» атты бандалық топтың жоқ екенін, ондай ұйымдасқан қылмыстық топтың тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шерзат Болаттың өлімінен кейін Талғарда Хасан басқаратын «Хутор» атты бандалық топ бар деген ақпарат желіде көп жазылған еді. 

Бұл жағдай барша елдің назарын Талғар ауданына бұрды. Мұнда 250 мың адам тұрады. Талғар ауданы облыста ғана емес, Қазақстан бойынша экономикалық тұрғыдан тез дамып келе жатқан аудан. Өнеркәсіп 11 пайызға, инвестиция 44 пайызға өсті. Бюджет, салықты жинау үш есе өскен. Аймақ қарқынды дамуда. Ал криминалдық жағдай бойынша айтар болсам, құқық қорғау органдары нақты жауап береді, - дейді әкім.

Ол ұйымдасқан қылмыстық топ деп тану үшін критерийлер бар екенін айтты.

Топтың белгілі мақсаты болу керек. Құқық қорғау органдары мұның ешбірі жоқ екенін мәлімдеді. Аймақтың әкімі, тумасы ретінде айтамын. Сондықтан «Хутор» деген ұйымдасқан топтың жоқ екенін мәлімдеймін, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, осыған дейін шкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов те «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобы тіркелмегенін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Qaznews24 паблигінің авторы екі айға қамауға алынды
Бүгін, 21:50

Qaznews24 паблигінің авторы екі айға қамауға алынды

Паблик авторы 17 қаңтарда ұсталған
Бұрынғы сарбаздың басына ота сәтті жасалып, инфекциядан толық айыққан
Тағлымды шара Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылды
Бұл арнаулы әлеуметтік төлем адам зейнетке шыққанда тоқтайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →